дүйсенбі, 25 қараша, 2024 8:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Нұрлан Мәсімов екі іс бойынша кінәлі деп танылды

Нұрлан Мәсімов екі іс бойынша кінәлі деп танылды
ашық дереккөзі
Нұрлан Мәсімов екі іс бойынша кінәлі деп танылды
Қамауда отырған Нұрлан Мәсімов екі іс бойынша кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Жамбылинфо «Адырна» сайтына сілтеме жасап. Павлодар қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сотында бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдаланғаны үшін Павлодар облысы ішкі істер басқармасының бұрынғы бастығына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 234-1 бабы бойынша екі іс қаралды.
«2021 жылы қызметтік жануарларға жем сатып алуға 60 872 100 теңге қаражат бөлінді. Бірақ полиция департаменті нормаларды бұза отырып, 18 бас жылқыға 10 693 000 теңгеге жем беру нормасын асыра жоспарлаған. 2022 жылы қызметтік жануарларға жем сатып алуға 13 394 000 теңге қаражат бөлінді. Алайда полиция департаменті нормаларды бұза отырып, 18 бас жылқыға 8 503 400 теңгеге жем беру нормасын асыра жоспарлаған»,— делінген хабарламада.
Сот тиімсіз жоспарлаудың бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына әкеліп соққанын атап өтті.
«Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовтің кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалармен, тексеру актісімен, тексеру комиссиясының материалдарымен, айғақтармен дәлелденді»,—деп толықтырды ведомство.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар