Жаңалықтар

Нұрлан Мәсімов екі іс бойынша кінәлі деп танылды

Нұрлан Мәсімов екі іс бойынша кінәлі деп танылды

Қамауда отырған Нұрлан Мәсімов екі іс бойынша кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Жамбылинфо «Адырна» сайтына сілтеме жасап.

Павлодар қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сотында бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдаланғаны үшін Павлодар облысы ішкі істер басқармасының бұрынғы бастығына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 234-1 бабы бойынша екі іс қаралды.

Сот тиімсіз жоспарлаудың бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына әкеліп соққанын атап өтті.