Жаңалықтар

Нұрлан Әуесбаев Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде талаптарға сай - ОСК

Нұрлан Әуесбаев Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде талаптарға сай - ОСК

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне кандидат Нұрлан Әуесбаевтың сәйкестігін белгілеу туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құзыретті мемлекеттік органдардан келген мәліметтерге сай Н.Әуесбаевқа қатысты ҚР президентін кезектен тыс сайлауда кандидат ретінде тіркелуге кедергілер жоқ екені анықталды. Ішкі істер министрлігі мәліметінше, ол тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы, елімізде соңғы 65 жыл бойы тұрады. Оның жоғары білімі бар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі жұмыс тәжірибесі 10 жыл 8 айды құрап отыр. Осы орайда Орталық сайлау комиссиясы сайлауда үміткер ретінде ұсынылған Н. Әуесбаевтың талаптарға сәйкес келетінін бекітті. Айта кетейік, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын өткізген еді.