Нұрсұлтан Назарбаевтың келіні Светлана Назарбаева қайтыс болды
- авторjambylinfo.kz
- 22 қазан, 2024
- 521
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың келіні Светлана Назарбаева қайтыс болды. Ақпаратты алғашқы болып Yedilov online телеграмм-арнасы жария етті, деп жазады Jambylinfo.kz kz.kursiv.media-ға сілтеме жасап.
Айта кетейік, Светлана Назарбаева Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Сатыбалды Назарбаевтың әйелі болған. Сатыбалды Назарбаев 1981 жылы қайтыс болған. Олардың Қайрат Сатыбалды және Самат Әбіш деген екі ұлы бар.
Ашық дереккөздердегі ақпаратқа сәйкес, Светлана Мырзахметқызы Назарбаева Алматы облысындағы Лепсі ауылында дүниеге келген. Филолог, педагогика ғылымдарының доктор, 40-қа жуық ғылыми-методикалық еңбек пен 8 оқулықтың авторы. 2003 жылдан бері республикалық «Дәуір» полиграфиялық баспа комплексін басқарып келген. Еңбегі үшін «Парасат» және «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.
Айта кетейік, 2022 жылғы қанды Қаңтар оқиғасынан кейін, Светлана Назарбаеваның екі ұлы да тергеуге алынған. Қайрат Сатыбалдыұлын сот шешімімен 6 жылға бас бостандығынан айырылған. Алайда Шығыс Қазақстан облысының соты оның ісін қарап, мерзімін пробациялық бақылауда өтеуге рұқсат берген. Оның інісі Самат Әбіш те істі болып, сот шешімімен 8 жылға шартты түрде сотталған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз