Жаңалықтар

Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті

The final spritzer

Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті

  Бүгін таңертең 70 жасқа қараған шағында Қазақ телевизиясында 45 жыл қызмет атқарған журналистика ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті. Нұртілеу Иманғалиұлы "Құрдастар", "Жастар дауысы", "Арай", "Жадыңда ма, жолдас", "Айна", "Жас жігер","Бетпе-бет", "Қолтаңба", "Діңгек", "Көршілер", "Заң сөйлесін", "Nur-Tiley" авторлық бағдарламалары арқылы қалың көрермен есінде қалды. Н.Иманғалиұлы 2006-2007 жылдары – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы, одан кейінгі жылдары «Қазақстан РТРК» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарды. Соңында ізбасар шәкірттер тәрбиеледі. «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұжымы Нұртілеу Иманғалиұлының жақындары мен туған-туыстарына қайығырып көңіл айтады. Бүгін Ұлттық арна эфирінен естелік хабарлар мен арнайы жобалар беріледі.