Нұржан Әлтаев 135 мың доллар көлемінде пара алған – Антикор
Нұржан Әлтаев 135 мың доллар көлемінде пара алған – Антикор
2023 жылы 7 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралар кешенінің нәтижелері бойынша экс-вице-министр Нұржан Әлтаевты аса ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстады, деп хабарлайды Жамбылинфо Zakon.kz. сайтына сілтеме жасап.
Кейіннен Әлтаев 2019-2020 жылдар аралығында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты лауазымын атқара отырып, Мырзахметовтан пара алу бойынша өзінің сыбайлас жемқорлық әрекетін жалғастырып отырғаны да нақтыланады.
Құзырлы ведомство ол жасаған қылмыс жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен, тиісті құжаттармен, заттай дәлелдемелермен, барлық қатысы бар адамдардың айғақтарымен және істің басқа материалдарымен расталатыны да атап көрсетеді.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.