Облысымыздың бас хирургы Жандос Сейдахметов Алматыда шеберлік сыныбын өткізді
Жандос Жандарбекұлы алматылық дәрігерлердің арнайы шақыртуымен барған
Жамбыл облысының бас хирургы Жандос Сейдахметов Алматы қаласындағы Онкология және көп бейінді хирургиялық орталығының арнайы шақыртуымен барып, ота жасаудағы өз тәжірибесін көрсетіп, шеберлік сыныбын өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Үлкен шарада алматылық хирург, онколог және гинеколог дәрігерлері де қатысып, жатыр мойны қатерлі ісігінің асқынған түріне байланысты заманауи емдеу әдістерімен танысып, тәжірибе алмасты.
Шеберлік сыныбы барысында дәрігер Жандос Сейдахметов жатыр мойны артерияларын эмболизациялау операциясының ерекшеліктері мен әдістемесін жан-жақты түсіндіріп, оны практикалық түрде көрсете отырып, хирургиялық араласу жасады. Пациент С. (емделушінің өтініші бойынша оның аты-жөні толық жазған жоқ) 37 жаста, ол жатыр мойны қатерлі ісігі диагнозымен ауруханаға түскен. Мамандардың айтуынша, науқастың жағдайы ауыр болған, себебі ісік жарылып, қан кету белгілері байқалған. Операция миниинвазивті рентгеноэндоваскулярлы хирургиялық тәсілмен (қан тамырларындағы патологияларды емдеу, онкологиялық ауруларда, сонымен қатар түрлі жарақаттар мен қан кетулерде тиімді қолданылады) жасалды. Бұл әдіс жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді, науқастың тез арада жазылып кетуіне көмектеседі. Операция барысында дәрігерлер жатыр мойны артерияларын эмболизациялау арқылы қан кетуді тоқтатты. Нәтижесінде науқастың жағдайы жақсарып, отадан кейінгі бірінші тәулікте ол өздігінен тұрып, қозғала бастады. Бір күннен кейін үйіне шығарылды.
Бұл іс-шара медициналық қоғамдастықтың білімін жетілдіруге, тәжірибе алмасуға және пациенттерге тиімді көмек көрсетуге бағытталған маңызды қадам болды.
Бүгінгі таңда Жамбыл облысы жұртшылығына хирург Жандос Сейдахметовтің есімі жақсы таныс. Білікті маман бүгінде аймақтың бас хирургі статустын да иеленген.
Қазіргі таңда ақ халатты азбал жан Жандос Сейдахметов Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасына бас дәрігердің хирургия және стратегиялық даму жөніндегі орынбасары, жоғары санатты хирург онколог – маммолог обыр ауруларын емдеудің заманауи әдістері және олардың алдын алу тәсілдерін жетік білетін маман.
Жандос Сейдахметовтың өмірбаянына тоқталатын болсақ, 1981 жылы 17 қыркүйекте Жамбыл облысы Талас ауданы Майтөбе ауылында дүниеге келген. 1998 жылы Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының емдеу факультетіне оқуға түсіп, 2004-2005 жылдар аралығында Тараз қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы базасында "Жалпы хирургия" мамандығы бойынша интернатурадан өткен. Содан кейін Алматы Дәрігерлер Білімін Жетілдіру Институтында "Рентгенология" мамандығы бойынша алғашқы білім алып, 2007 жылы Алматы қаласындағы ҚазОРҒЗИ базасында "Онкология"мамандығы бойынша біліктілігін арттырды.
Еңбек жолын 2005 жылдың қыркүйек айында Талас аудандық ауруханасында дәрігер-хирург және қосымша рентгенолог болып бастады. 2007 жылдан бастап Жамбыл облыстық онкологиялық диспансерінде дәрігер-онкохирург, рентген-хирург, рентгенолог (маммография) болып жұмыс істеді. 2018 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Жомоих хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі болып табыламын.
Жандос Сейдахметовтің айтуынша, Жамбыл облысында тек өзі тіл қатерлі ісігіне операция жасайды. Бұл әдіс тілдің бір бөлігін ісікпен алып тастап, оның орнына білектен жамылғы қояды.
« Біздің өңірде онкологиялық ауруларды емдеу әлемдік стандарттарға сәйкес, инновациялық технологияларды пайдалану және ең заманауи дәрілік препараттарды қамтамасыз ету арқылы жүргізіледі. Қазіргі уақытта, жоғарыда айтқанымдай, сүт бездерінің, қалқанша безінің ісік процестеріне, мойын лимфа түйіндерінің метастатикалық өзгеруіне, тілдің, көмейдің, ауыз қуысының түбіне, сілекей бездеріне, паратироид бездеріне және т.б. қатысты операциялар белсенді түрде жүргізілуде. Хирургия бөлімінде жыл сайын 900-ден астам операция жасалады. Біздің хирургтар кеуде, ас қорыту, зәр шығару, сүйек-буын жүйелері мен жамбас органдарында операциялардың барлық түрлерін біледі. Біздің құрметті корифейлер Қалиев Марат Амангелдіұлы, Сейлханов Ербол Бубаширханұлы, Құрышбаев Жұмабай Жасұзақұлы күн сайын 6-8 сағаттан жас онкохирургтар Тулешов Қайрат және Арапов Ерасыл, және, әрине, сенімді операциялық әпкесі Беспаева Ләззат операциялық үстел басында өткізеді»,-деді ол.
Жандос Сейдахметов сөзінше, емделушілер онкологқа уақытында жүгіну үшін қандай белгілерге назар аударуы керегін айтты.
Дәрігердің айтуынша, қатерлі ісік ауруын ерте анықтау үшін 40 жастан кейінгі адамдар медициналық тексерістен жиі өту керегін алға тартады.
Сондықтан ең бастысы – денсаулығыңызға мұқият болыңыз, үнемі медициналық тексеруден өтіңіз және онкологиялық ауруға күдік туындаған кезде дереу дәрігерге қаралыңыз.