Жаңалықтар
"Намыстан өртендім". Анасының құшағына секірген бала Қазнетті тебірентті
- авторjambylinfo.kz
- 9 наурыз, 2023
- 275
"Намыстан өртендім". Анасының құшағына секірген бала Қазнетті тебірентті
Жарыста жеңіліс тапқан баланың көңіл күйі халықтың жанын тебірентті.
⠀
Бұл видео әнші Әділет Жауғашар TikTok-парақшасында пайда болды. Әлеуметтік желіде видео 807 мың қаралым, 61 мың лайк жинаған.
⠀
Видеода грек-рим күресінен Қырғызстан мемлекеті Ош қаласы әкім кубогы өтіп жатқанын байқауға болады. Жарыс жолында жеңіліс тапқан бала намыстан жарылып анасына бет алады. “Балам мен үшін чемпион”, - деген ана баланы құшағына қысып жұбатады.
⠀
Желі қолданушылары жас спортшыны жұбатып, пікір қалдырған.
⠀
“Жігіттер қанша мықты болса да, анасының алдында сәби”, “Жаным, намысының өзінің”, “Алар асуың көп болсын, нағыз намысшыл азамат”, “Жасымыз қаншаға келсе де, анамыздың алдына осылай келеміз ғой”, - дейді Желі қолданушылары.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз