Жаңалықтар

"Намыстан өртендім". Анасының құшағына секірген бала Қазнетті тебірентті

"Намыстан өртендім". Анасының құшағына секірген бала Қазнетті тебірентті

Жарыста жеңіліс тапқан баланың көңіл күйі халықтың жанын тебірентті. ⠀ Бұл видео әнші Әділет Жауғашар TikTok-парақшасында пайда болды. Әлеуметтік желіде видео 807 мың қаралым, 61 мың лайк жинаған. ⠀ Видеода грек-рим күресінен Қырғызстан мемлекеті Ош қаласы әкім кубогы өтіп жатқанын байқауға болады. Жарыс жолында жеңіліс тапқан бала намыстан жарылып анасына бет алады. “Балам мен үшін чемпион”, - деген ана баланы құшағына қысып жұбатады. ⠀ Желі қолданушылары жас спортшыны жұбатып, пікір қалдырған. ⠀ “Жігіттер қанша мықты болса да, анасының алдында сәби”, “Жаным, намысының өзінің”, “Алар асуың көп болсын, нағыз намысшыл азамат”, “Жасымыз қаншаға келсе де, анамыздың алдына осылай келеміз ғой”, - дейді Желі қолданушылары.