Жаңалықтар

«Құнан бәйге»: Жамбылдық шабандоз бірінші келді

Жеңімпаз атанған Жантөре Қордай ауданынан келген

Жамбыл облысының 85 жылдығына арнайы ұйымдастырылған «Құнан бәйге» жарысында жамбылдық шабандоз мәре сызығын бірінші болып кесіп, жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Жеңіске жеткен Жантөре шабандоз 12 жаста, 7 сынып оқушысы. Ол 9 жасынан бастап, дүбірлі жарыстарға қатысып келеді екен. Тұлпарының есімі - Еркеторы.

Ал шашасына шаң жуытпаған сәйгүлік иесі Сәкен Мұратұлы ат баптаумен айналыса бастағанына 1 жылдан асыпты. Оның сөзінше, сәйгүлігі мұндай үлкен бәйгеде алғаш рет топ жарып отыр.

Айта кетейік, жарыстың жалпы жүлде қоры: 11 млн 900  мың теңгені құраған. Ал құнан бәйгеде жеңіске жеткен шабандозға 1 800 000 теңге сыйақы беріледі.