дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 12:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Әнарудың үйінен Жанқоштың киімі табылған» Адвокат ақиқатты айтты

«Әнарудың үйінен Жанқоштың киімі табылған» Адвокат ақиқатты айтты
Фото - ашық дереккөз
Қазақстан - үлкен Талғар боп тұр ғой, сонда..Заң жоқ

  Әнару Құрманәлінің қорғаушысы Ләззат Ахатова әлеуметтік желідегі парақшасында біраз мән-жайды айтты. Адвокаттың айтуынша тергеушілер заңды белден басып, бірқатар заңсыздықтарға көз жұма қараған,  деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Бұл іс бойынша тергеу мүлде жұмыс жасаған жоқ. 20-күнгі беттесуде боксердің “Өзара келісіммен болдық, зорлаған жоқпын” деген, бір ауыз сөзі ғана бар. Басқа бір нәрсе жасалмаған. Бір ауыз сөзге сүйеніп, істі қысқартып отыр. Әнару 25 сұраққа жауап берген. Жанқош Әнаруды емес, керісінше Әнару Жанқошты зорлағандай, жауап алған.

Кеше бір сайттарда “қызды танымайды екен, өмірінде кездеспеген” депті. Өтіріктің де түрін көріп едік, мынадай өтірік те болады екен. Ватсаптағы жазбалары, “келе жатырмын, адресің қандай” дегендері, меф-ке тапсырыс беру үшін ақша аударғаны, бәрі сақтаулы тұр ғой. Оларды тергеуге бермегеніміз дұрыс бопты. Әдетте мен сотқа бір-ақ өткізуші ем, басты дәлелдерді.

Арыз жазғаннан соң, қыздың үйінен, Тұраровтың сүртінген сүлгісі, жастықтың тысы, іш киім сияқты заттар тәркіленген. Сол заттар жоқ! Хаттамасы да жоқ. Биологиялық сараптама жасалу керек деп, талап-тілек те жаздық. Еш әрекет жоқ. Зорлаған еркектің тері сіңген заттарды жоқ қылып, жібере салған, болды. Оп-оңай.

Одан өзге, Әнарудың жекесіне боксерді жеке танитындар да шығып, өз оқиғаларымен бөлісіп жатыр. Бір қызды да дәл солай зорлап, ол тіпті Тұраровтан бала тапқан. Бірақ ашық айтуға  бәрі қорқады», - деп жазды адвокат. 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар