Нарықта доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

Ұлттық банктің 1 наурызға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 499,22 теңге
Ұлттық банктің 1 наурызға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 499,22 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,64 теңге. Еуро — 519,14 теңге,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 501 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 498 теңге. Еуро 519 — 523 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 503 теңге, сатып алу құны — 497 теңге. Еуро 524 теңгеден сатылып, 517 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,56 - 5,66 аралығында саудаланып жатыр.