жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 14:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Нарықтағы ойыншықтардың тең жартысы бала денсаулығына қауіпті

Нарықтағы ойыншықтардың тең жартысы бала денсаулығына қауіпті
ашық дереккөзі
Нарықтағы ойыншықтардың тең жартысы бала денсаулығына қауіпті
Бүгінде сатылымда бар ойыншықтардың жартысына жуығы бала денсаулығына зиян болып отыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мамандарының айтуынша, сапасы төмен ойыншықтардың 90%-ы көрші Қытай елінен жеткізілген көрінеді. Осы деректер бойынша 72 әкімішлік іс қозғалып, сапасыз тауар сатқан кәсіпкерлер 16 млн теңге айыппұл төлеген. Сондай-ақ биыл ведомство арнайы зертханаларда 2500 өнімді тексерген. Олардың 48%-ы талапқа сай болмай шыққан. Ойыншықтардың химиялық құрамын тексеруге кем дегенде 5 күн керек. Өнім бір тәулік бойы тазартылған суда жатады. Осы уақытта барлық бояуы шығуы тиіс. Кейін оны арнайы аппаратқа салып, құрамындағы улы заттың мөлшерін анықтайды.
Алдымен зертханаға келген ойыншықтардың маркировкасын қараймыз. Онда ойыншықтың толық атауы, өндірушінің мекенжайы, импортеры, өндірушінің шығарған жері, құрамы жазылып тұруы керек. Ойыншықтарды зертханаға Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жібереді. Әкелінген ойыншықтардың басым бөлігі дұрыс таңбаланбаған. Құрамында улы химиялық заттар мөлшері асып кеткендері де болды, – деді зертхана маманы Саламат Жанықұлова.
Сонымен бірге мамандардың айтуынша, бала денсаулығына зияны жоқ ойыншықтардың бағасы қымбат болғанымен, қазір оған сұраныс жоғары.
Сәйкес келмеген ойыншықтар арасында қуыршақ LOL бар, неше түрлі әскери ойыншықтар, жұмсақ ойыншықтар, антистресс бар. Баланың денсаулығына қауіп төндірмеу үшін экологиялық таза ойыншық сатып алу керек. Мұндай өнімнің бағасы сәл қымбаттау болғанымен, қазір оған сұраныс жоғары, – деп мәлімдеді ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы  Дамир Тайғұлов.
Сарапшылардың айтуынша, құрамына фенол немесе формальдегид қосылған ойыншықтар баланың аллергиясын асқындыруы әбден мүмкін. Ал оны ауызға салса, тіпті асқазан ауруына әкеп соқтыруы ықтимал. Сол себепті, ойыншықты алмас бұрын сатушыдан өнімнің сапасын растайтын құжатты талап еткен абзал.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар