НАТО Ресеймен тікелей қақтығысқа дайын екенін білдірді
НАТО Ресеймен тікелей қақтығысқа дайын екенін білдірді
Солтүстік альянс Әскери комитетінің төрағасы Роб Бауэр өздерінің бұдан әрі Ресеймен тікелей конфронтацияға келуге әзір екенін айтты. Бұл туралы ТАСС хабарлады. НАТО басшыларының бірі соғыс инициативасы Ресей Федерациясына тиесілі болғандықтан, оған батыс мемлекеттерінің дайындығы күшті болуға тиіс екенін атап өтті. Комитет төрағасы Роб Бауэр өз кезегінде НАТО-ның Ресеймен тікелей қайшыласып, тайталасқа түсуге толық дайын екенін мәлімдеді. Мұндай позицияны ол португалдың RTP телеарнасына берген сұхбатында айтты.
Сонымен бірге, ол НАТО-ның Ресей альянсқа мүше елдердің бірінің территориясына басып кіріп, «қызыл сызықтан» аттап кеткен жағдайда ғана оған жауап қайтаруға әзір тұратынын ескертті. Бауэр өз сөзінде қазір соғыстың инициаторы Ресей жағында болып тұрғандықтан, НАТО-ға кіретін мемлекеттердің соғысқа жақсы дайындалуы қажет екенін атап өтті.
Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден Беларусь басшысы Александр Лукашенкоға ескерту жасаған еді. Ол егер Беларусь соғысқа араласса, НАТО-ның танктері екі сағатта Минск көшелерін аралап жүретінін ескерткен болатын.