Жаңалықтар

Nauryz Almaty Vibe: роботтар мерекенің жұлдызына айналды

The final spritzer

Мерекелік іс-шара Қабанбай батыр көшесінен бастап Төле би көшесіне дейінгі аумақты қамтитын Панфилов көшесінде өтті

Nauryz Almaty Vibe: роботтар мерекенің жұлдызына айналды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Алматыlf 21 және 22 наурызда Панфилов жаяу жүргіншілер көшесінде Nauryz Almaty Vibe фестивалі ұйымдастырылды.

Бұл шарада қала тұрғындары мен қонақтарын роботтар мен виртуалды аватарлар қарсы алды. Гастрономиялық аймақта робот даяшылар, робот аспаздар және робот баристалар өз қызметтерін ұсынды.

Сондай-ақ, Панфилов көшесінде кинетикалық туннель пайда болып, ол фестивальге келгендерге ерекше әсер қалдырды. Фестивальге қатысушылар интеллектуалдық «Ой-Думан» ойынына қатысып, робототехника көрмесін тамашалап, садақ атып, жасанды интеллекттің көмегімен мерекелік фотолар түсіре алды. Кіреберісте орналасқан LED-экран арқылы Ғалымжан атты виртуалды аватар қонақтарға мерекелік бағдарлама туралы ақпарат берді.