«Наурыз» ипотекалық бағдарламасы: "12 500 адамның өтініші қанағаттандырылған
Жаңа бағдарлама сәуір айында іске қосылған болатын
Отбасы Банктің Instagram-дағы ресми парақшасында «Наурыз» бағдарламасының рейтингтік кезеңі сәтті аяқталғаны туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Банктің мәліметінше, ипотекалық бағдарламаға келіп түскен өтініштердің жалпы саны 38 000-нан асса, оның 12 500-і қабылданған.
Толық тізім банктің ресми сайтында жарияланған
Айта кетейік, қатысушылардың несиелік өтінім беруге тағы 1,5 ай уақыты бар.
Өтімдерді онлайн түрде немесе банктің кез келген бөлімшесіне барып беруге болады.