жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 18:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНУДА

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНУДА
ашық дереккөзі
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНУДА
Ұлыстың ұлы күні мерекесі - түркі әлемінің құт-берекесі. Күн мен түннің теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін Табиғат мерекесі. Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде. Биыл да бұл игі үрдіс өзінің әдемі жалғасын тауып отыр. Киелі Әулиеата өңірінде де той-думан 14-ші жұлдызынан басталды.  Амал мерекесі  қайырымдылыққа, ата-баба рухына тағзым ету, көріктендіру мен көгеріштендіру сынды ізгілікті істерге  ұласуда. Ежелден ел болып тойлайтын айтулы мерекені тойлаудан түрмелер де қалыс қалмады. Жамбыл облысы бойыша ҚАЖ департаментіне қарасты номер 58 мекеме басшылығының бастамасымен Наурыз мейрамына орай, дастархан жайылып, ата-баба рухына, ел үшін шейіт болған ерлерге құран бағышталды.  width= Абақты ауласында қазан асылып, дәмі тіл үйіретін наурыз көже пісірілді. Қонақтар ас-ауқаттан дәм татып, ұлттық ойындар ойнатылды. «Бұл – біздің мекемедегі қалыптасқан дәстүр. Мұндай үрдіс жылдан жылға өз жалғасын таба береді. Ұлы мерекені ұлықтау – барша азаматқа парыз», дейді мұндағы тәртіп сақшылары.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар