«Наурыз Жұмыскер» тұрғын үй бағдарламасы аясында кімдер үйлі бола алады?
«Отбасы банк» 2025 жылдың 17 наурызынан бастап «Наурыз Жұмыскер» тұрғын үй бағдарламасын іске қосады.
Бұл бастама еңбек адамдарына қолжетімді шарттармен баспана алу мүмкіндігін ұсынуды көздейді. Бағдарлама аясында 72 млрд теңге бөлініп, шамамен 2 440 жұмысшы маман жеңілдетілген несие арқылы баспана мәселесін шеше алады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Бағдарлама шарттары:
Несие мөлшерлемесі:
Әлеуметтік осал топтар үшін – 7% (ЖТСМ 7,1%–9,6%)
Қалған азаматтар үшін – 9% (ЖТСМ 9,4%–13%)
Бастапқы жарна:
Таза әрлеудегі бастапқы тұрғын үйге – 10%
Қарапайым әрлеудегі бастапқы тұрғын үйге және қайталама нарықтағы баспанаға – 20% (моноқалалар мен ауылдық елді мекендер үшін)
Несие сомасының шегі:
Өңірлерде – 30 млн теңге
Астана мен Алматыда – 36 млн теңге
Баспана таңдау:
Астана, Алматы, Шымкент және облыс орталықтарында тек бастапқы тұрғын үй сатып алуға болады. Пәтерлер Baspana Market порталында ұсынылады.
Моноқалалар мен ауылдық елді мекендерде қайталама нарықтағы тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігі қарастырылған.
Бағдарламаға кімдер қатыса алады?
Бағдарлама өндіріс, құрылыс, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, су ресурстары және ирригация салаларында еңбек ететін азаматтарды қолдауға бағытталған.
Негізгі 7 сала:
Ауыл, орман және балық шаруашылығы
Тау-кен өндірісі және карьерлерді игеру
Өңдеу өнеркәсібі
Электрмен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны баптаумен қамтамасыз ету
Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және өңдеу, экологиялық қызметтер
Құрылыс
Көлік және қоймалау
Ұлттық кәсіптер жіктеуішіне сәйкес 8 230 жұмысшы мамандық анықталған. Егер үміткер осы 7 саланың бірінде жұмыс істесе және аталған мамандықтардың біріне ие болса, ол «Наурыз Жұмыскер» бағдарламасына қатысуға өтініш бере алады.