Жаңалықтар

Наурыздағы ҰБТ: Талапкерлер үшін маңызды ақпарат

The final spritzer

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау аяқталды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Биыл тестілеуге 163 мыңға жуық талапкер қатысуға ниет білдірді. ҰБТ 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді

Талапкерлер өтініш беру кезінде тестілеу өтетін күнді, уақытын және орнын өз бетінше таңдады. Бұл ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар, былтырғы мектеп және колледж түлектері, сондай-ақ қазақ ұлтына жататын, бірақ Қазақстан азаматтығы жоқ тұлғалар қатыса алады. Сонымен қатар, мектеп бітіруші түлектер де жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін тест тапсырады.

Тестілеу барысында калькулятор, Менделеев кестесі және тұздардың ерігіштік кестесі қолжетімді болады. Тест аяқталғаннан кейін талапкерлерге 30 минут ішінде апелляцияға өтініш беру мүмкіндігі қарастырылған. Сертификат апелляциялық комиссияның шешімінен кейін талапкердің жеке кабинетінде жарияланады.

ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. ҰБТ тапсырмалар саны – 120. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылықтан» 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырмадан. Жоғары балл – 140, ол да өзгеріссіз қалды.

Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек.

Айта кетсек, қаңтар айындағы ҰБТ-ға 164 мыңға жуық талапкер қатысты. Олардың 76,8%-ы қазақ тілінде, 23,1%-ы орыс тілінде, 89 адам ағылшын тілінде тест тапсырды. Шекті балды талапкерлердің 70,4%-ы жинады, ал орташа нәтиже – 65,8 балл. Ең жоғары көрсеткіш – 139 балл, 130-дан жоғары жинағандар саны – 186 адам.