«Наурызнама 10 күндігі»:Ұлттық киім шеруі (ФОТОРЕПОРТАЖ)
18 наурыз – Ұлттық киім күні. Наурызнаманың онкүндігінде еліміздің барлық өңірінде ұлттық киімдерімізді насихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралар өтіп жатыр. Бүгін Жамбыл ауданының тұрғындары ұлттық киімдер шеруін өткізді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы бастаған іс-шараға аудан әкімінің салалық орынбасарлары, ардагерлер кеңесі, зиялы қауым өкілдері және барлық мекеме мен бөлім мамандары қатысты.
Көпшілік Аса ауылындағы орталық алаңнан мәдениет үйіне дейінгі аралықты жүріп өтті. Жол бойы халық әндері мен патриоттық әндер шырқалды.
Ұлттық киім- ұлттың бейнесі
Ұлттық киім ұлықталған күн