Жаңалықтар

Назарбаевтар отбасын қорғайтын заңның күші жойылды – парламент заң қабылдады

Назарбаевтар отбасын қорғайтын заңның күші жойылды – парламент заң қабылдады

Конституцияға енгізілген өзгертулерге сәйкес Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті - Елбасының мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады деген норманы көздейтін Конституцияның 46-бабы 4-тармағы алынып тасталды. «Қазақстанның демократия мен плюрализмге бет алып, терең саяси трансформация жасау кезеңінде, жеке топтардың билікті меншіктеуге жетелейтін қандай да бір тетіктерге жол бермеу маңызды. Сондықтан мәжілістің бір топ депутаттары халықтың басым көпшілігінің сұранысын ескере отырып, аталған заң жобасын ұсынды», деп түсіндірді Сайыров сенат пен мәжілістің бірлескен отырысында.