Жаңалықтар

Назым Қызайбай Париж Олимпиадасына жолдама алды

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы үздіктерінің бірі Назым Қызайбай Париж Олимпиадасына жолдама алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Malim.kz. сайтына сілтеме жасап.

50 келі салмақта бақ сынаған Назым шешуші айқаста Солтүстік Корея спортшысынан басым түсті.

Айта кетейік, бұл Назымның алғашқы Олимпиадасы болмақ. 

Бұған дейін Валентина Хальзова да 75 келіде жолдама иеленген болатын.