Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты еш өзгермейді. Оның мәні – сапалылық және инклюзивтік тұрғыдан халықтың әл-ауқатын арттыру» деп, алдағы бағытымызды айқындап берген болатын. Яғни, жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтары жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, бәсекелестікті дамыту. Бүгінгі таңдағы жұмыс барысы да осы бағытта құрылып отыр.
Байзақ ауданында ауыл шаруашылығы өндірісімен қатар, соңғы жылдары кәсіпкерлік, өнеркәсіп салаларына да елеулі көңіл бөлініп келеді. Соның арқасында аудандағы өнеркәсіп кәсіпорындарының күшімен өткен төрт айда 2104,4 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100,2 пайызды құрады. Ал негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 5701,4 миллион теңгені немесе 104,4 пайызды, бөлшек сауда айналымы 6281,1 миллион теңге, нақты көлем индексі – 103,9 пайызды құрады. Құрылыс жұмыст арының көлемі 1242,8 миллион теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 116,7 пайыз болып отыр. Биыл 9730 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.
Өнеркәсіп саласында 50 жоба іске асырылады
Биыл өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласында жалпы жобалық құны 3 миллиард 389 миллион теңгені құрайтын 50 жобаны іске асыру жоспарланған. Қазіргі таңда бұл жобаның екеуі іске асырылды. Олар – жоба құны 1 миллиард 700 миллион теңгені құрайтын «Гофра- картоннан жасалған қаптама жасау» зауыты мен жоба құны 3 миллиард теңге тұратын «Жеке меншік, түйіршіктелген құрама жем» зауыты. Қос зауыт бүгінгі таңда жұмыс істеп тұр. Бұдан бөлек, тағы екі жоба іске асырылу үстінде. Оның бірі – жобалық құны 500 миллион теңгені құрайтын «Темір бетон бұйымдарды жасау» зауыты болса, екіншісі – жобалық құны 1 миллиард теңгені құрайтын «Құс етін өңдейтін» фабрика. Қалған 46 жобаны жыл соңына дейін жүзеге асыру жоспарлануда. Осы жобаларды іске асыру барысында ауданда 422 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген.
Жоғарыда айтқанымдай, ауданның негізгі саласының бірі – ауыл шаруашылығы. Осы жылдың төрт айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 9 миллиард 722 миллион теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғында нақты көлем индексі 117 пайыз болды. Ал, ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 3 миллиард 844,7 миллион теңге немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғында 110,8 пайызға орындалды.
Алдағы уақытта ауыл шаруашылығы саласында жалпы құны 2 миллиард 30 миллион теңгені құрайтын 21 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Аталған жұмыстардың нәтижесінде жұмыспен қамтудың өңірлік картасына сәйкес, 125 адамды (оның ішінде 95 адам тұрақты, 30 адам уақытша) жұмыспен қамту жоспарлануда. Биыл аудандағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы егістік көлемі 60865 гектар алқапты құраса, оның 29411 гектары суармалы, 31455 гектары тәлімі жер.
«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2025 жылдарға арна лған бағдарламасын» іске асыру мақсатында егіс алқаптарын әртараптандыру көзделген. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарын 59910 гектар алқапқа орналастыру жоспарланып, ол бүгінгі таңда 358 гектарға артық орындалып отыр.
Мемлекет қаржылай қолдау жасаған кезде әсіресе, бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес өкілдеріне мән береді. Мемлекет басшысы да Жолдауда Үкіметке кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдауды жайдан-жай тапсырып отырмағаны белгілі. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың аясында өнеркәсіп өнімі артып келеді. Бүгінгі таңда ауданда 10766 шағын және орта кәсіпкерлік субъекті тіркелген. Оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны – 9657.
Жолдар жөнделіп, ауылдар таза ауыз сумен қамтылуда
Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың Ұлттық экономика құрылымында баса мән беріп отырғаны – құрылыс саласы. Бұл саланың ауқымы кең, барлық салада айрықша басымдыққа ие. Мәселен, Президентіміз Жолдауында 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде Үкіметке тапсырма бергені белгілі. Бұл жұмыстар ауданда тиісті деңгейде атқарылуда. Дегенмен тұрғындар тарапынан жолға қатысты көп сын айтылады. Біз ол қолайсыздықты жою мақсатында жаңа жобаларды қабылдап, жаңаша бағытта жұмыс істеуді қолға алдық.
Бүгінгі таңда аудан аумағында жалпы 132,07 километрді құрайтын аудандық мәндегі автомобиль жолы, 421, 1 километрді құрайтын 434 елді мекен көшесі бар. Өткен жылдың қорытындысы бойынша аудандық маңызы бар жолдардың жалпы үлесі 95, ал елді мекен көшелерінің жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 92,3 пайызды құраған болатын. Биыл аудандық маңызы бар жолдардың үлесін 97, елді мекен көшелерінің жақсы және қанағаттанарлық жағдайын жыл соңына дейін 93,2 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз.
Елді мекендерді таза ауыз су жүйесімен қамту жұмыстарына тоқталар болсам, аудандағы 43 елді мекеннің 30-ы таза ауыз сумен қамтылған. Ол 69,7 пайызды құрап отыр. 27 елді мекенге «Байзақ су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, 3 елді мекенге «Теміржол су» ЖШС қызмет көрсетеді. Елді мекендерді таза ауыз сумен қамту бойынша 2021-2025 жылдарға арналған жоспарға сәйкес, бүгінгі таңда Аққия, Сарыбарақ, Қосақ, Ботамойнақ, Жеңіс, Жібек жолы, Тегістік, Ақтөбе, Төрткөл, Жаңасаз, Шахан, Қайнар, Төрегелді, жалпы барлығы 13 елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамту көзделіп отыр.
Өткен жылы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылмаған 9 елді мекенге республикалық және облыстық бюджеттен 2,6 миллиард теңге қаралып, құрылыс жұмыстары жалғасуда. Жамбыл облысындағы ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамту бойынша 2022- 2025 жылдарға арналған жол картасына сәйкес, Шахан ауылын Сарыбарақ ауылы арқылы орталықтандырылған таза ауыз сумен қамту жоспарланып, жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Сондай-ақ, аудан аумағында орналасқан тұрғын саны аз тұратын Төрткөл, Қайнар және Жаңасаз ауылдарына суды тазартудың кешенді блок-модульдерін орнату жоспарланған. Алайда, аталған елді мекендерде жылдан-жылға халық санының өсуіне байланысты орталықтандырылған ауыз су құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжат әзірленуде.
Ауданда «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» бағдарламасына қатысушылар санының жоспары 5185 адам болса, ол 2319 адамға немесе 44,7 пайызға орындалып отыр. Орталыққа жұмыс іздеуші ретінде 1887 жұмыссыз қайырылса, тіркелген жұмыссыздар саны 1531 адамға жетті.
Ауданда кедейшілік шегінен төмен 2626 адамы бар 440 отбасы тұрады, бұл аудан халқының 2,4 пайызын құрайды. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке бюджеттен 402796 мың теңге бөлінген. Бүгінгі күнге 440 отбасының 2626 адамына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және 1 жастан 6 жасқа дейінгі 712 балаға кепілдендірілген әлеуметтік көмек тағайындалып, жалпы 79 миллион 800 мың теңге қаржы игерілді.
Әлеуметтік саланың әлеуеті артуда
Ауданда 44 емдеу мекемесі аудан тұрғындарына қызмет көрсетеді. Атап айтсам, оның біреуі аудандық орталық аурухана, біреуі аудандық емхана, 17-сі дәрігерлік амбулаториялар, 19-ы медициналық тіректер, 6 фельдшерлік-акушерлік тіректері. Аудандық аурухана 133 орынға арналса, емхана 350 тұрғынды қабылдауға арналған. Бүгінгі күні Байзақ аудандық емдеу мекемелерінде 136 дәрігер, 621 орта буын медицина қызметкері, 153 кіші мейірбике, 149 қызметкер жұмыс істейді.
Жалпы, білім бөліміне қарасты 44 білім беретін мектеп, 52 мектепке дейінгі ұйым және 6 мектептен тыс мекеме, 1 педагогикалық-психологиялық түзету кабинеті жұмыс істейді. Білім беру саласына 2023 жылға 23,8 миллиард теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,1 пайызға артты.
Өткен жылы Көктал ауылынан 600 орындық, Сеңкібай ауылынан 120 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2 мектеп құрылысы енгізіліп отыр. 2024 жылға Сарыкемер ауылынан 600 орындық, Бурыл ауылынан 300 орындық жайлы мектеп құрылысы жүргізіліп, пайлануға берілетін болады.
2023-2024 жылы 3 жекеменшік мектеп (Сарыкемер-2, Бурыл-1) ашу есебінен орын тапшылығы шешілетін болады. Аудандағы 5 мектеп (Жанқұлиев, №3 Ақшабаев, Жамбыл, Дихантірек) күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Биыл 5 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамаларын дайындау үшін 53 миллион 739 мың теңге қарастырылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу 2024 жылға жоспарланған.
Ауданда бір аудандық мәдениет үйі, 20 ауылдық клуб, бір орталық, бір аудандық балалар және 23 ауылдық кітапхана, бір аудандық тарихи-өлкетану музейі, екі «халықтық» атағы бар ұжым тұрғындарға мәдени қызмет көрсетуде. Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мәдениет мекемелеріне жүргізілетін күрделі және ағымды жөндеулер бойынша Тегістік ауылынан 90 орындық ауылдық мәдениет үйінің құрылысы өткен жылдың қыркүйек айында басталып, осы жылдың 1 маусымында пайдалануға берілді. Көктал ауылдық мәдениет үйінің спорт залын күрделі жөндеуден өткізу және Үлгілі, Байзақ ауылдық клубтарына ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жобалық-сметалық құжатт ары дайында лған. Аудандық бюджеттен аталған ауылдық клубтарға жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлуге өтінім аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ұсыныс берілді. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында қаржы бөлінетін болады. Жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін жүргізіледі.
Ауданда 282 спорт нысаны жұмыс істейді. Оның біреуі стадион, төртеуі спорт кешені, 154 спорттық алаңша, 53 футбол алаңы, біреуі ашық теннис корты, 43 спорттық зал, 26 жапсарлас спорттық залдар. Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысушылар саны өткен жылы 42253 адамға немесе жалпы халықтың 40,1 пайызына жеткен болатын. Бұл көрсеткіш биылғы бірінші жартыжылдықта 42853 адам немесе жалпы халық пайызынан 40,5 пайызын құрап отыр.
Өткен жылы спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында жергілікті бюджеттен жалпы құны 14 миллион 700 мың теңгеге 2 кіші футбол алаңшасы, «Жомарт түлек», «Туған елге тағзым» жобалары аясында тағы 2 кіші футбол алаңы салынып, жалпы 4 спорт алаңшасы пайдалануға берілді.
Биыл Жамбыл облысының 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, ауданда үш заманауи спорт алаңын және бір спорт кешенін салу жоспарлануда.
Қорыта айтқанда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауынан туындаған міндеттерді басшылыққа ала отырып жұмыс істейтін боламыз. Ал жоғарыда айтқан жұмыстар мен алдағы уақытта атқарылатын жобалардың барлығы да ел үшін атқарылатын болады, оның игілігін ел көреді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Адам құқықтарын қорғау маңызды
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан паспорты Орталық Азиядағы ең мықты төлқұжат деп танылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 27 қараша, 2024
Қызылорда, Тараз, Түркістанда орыс мектептері ашылады – Путин
- авторjambylinfo.kz
- 27 қараша, 2024