Жаңалықтар

Үндістан билігі мемлекеттің атауын өзгерткелі жатыр

Үндістан билігі мемлекеттің атауын өзгерткелі жатыр

The Economic Times басылымының жазуынша, Үндістан үкіметі елдің атауын Бхарат деп өзгертпек. Тиісті қаулы парламенттің 18-22 қыркүйек аралығында өтетін кезектен тыс сессиясында енгізілуі мүмкін. Бірқатар депутат елдің қазіргі атауын британ отаршылдығының қалдығы деп есептейді. Конституцияға сәйкес, Үндістанда екі ресми тіл бар: ағылшын және хинди. Ағылшын тілінде бұл ел Индия, ал хинди тілінде Бхарат деп аталады.