
Екі ел арасындағы жағдай Кашмирде болған лаңкестік әрекеттен кейін ушыққан.
Шабуылдан Пахалгам қаласында 26 турист қаза тапты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Үндістан бұл оқиға үшін Пәкістанды айыптап, арадағы басты өткелді жапты. Сондай-ақ пәкістандықтарды визасынан айырып, сол елдегі әскери атташелерін кері шақырған.
Бұдан бөлек, Дели Үнді өзенінің суын ортақ пайдалану туралы келісімнің күшін тоқтатты. Ал Пәкістан әуе кеңістігін жауып, Үндістанмен арадағы сауданы доғарды.
Үндістан полициясы үш күдікті содырдың есімдерін жариялап, олардың екеуі пәкістандық екенін атап өтті. Үндістан Пәкістанмен дипломатиялық қарым-қатынасты бұзып, елшіліктегі жұмысшыларының санын екі есеге азайтты.