Үндістанда теміржол вокзалындағы кептелістен 18 адам қаза тапты
- авторjambylinfo.kz
- 17 ақпан, 2025
- 163

Нью-Дели қаласындағы теміржол вокзалында Кумбх Мела діни мерекесіне бара жатқан жолаушылардың кептелісі салдарынан 18 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Праяградж қаласында әлемдегі ең ірі діни фестиваль Маха Кумбха Мела өтіп жатыр. Бұл мереке 144 жылда бір рет ұйымдастырылады. Көп күндік шараға қатысушылардың саны шамамен 100 миллион адамға жетуі мүмкін. Дәл осындай оқиға қаңтар айында өткен фестивальде де орын алған. Адамдардың жаппай қысылып қалуы салдарынан 12 паломник қаза тапқан. BBC агенттігінің хабарлауынша, Нью-Дели вокзалындағы зардап шеккендердің көбісі Праяграджға фестивальге бара жатқан немесе одан оралған адамдар.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз