дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 7:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Неге асықтың…»: Қымбат Досжан марқұм Үсіпхан Сейтімбетке жан тебірентерлік жазба арнады

«Неге асықтың…»: Қымбат Досжан марқұм Үсіпхан Сейтімбетке жан тебірентерлік жазба арнады
коллаж jambylinfo.kz.
Қымбат Досжан мен марқұм Үсіпхан Сейтімбет курстас болған

Белгілі телевидение және радио дикторы Қымбат Досжан күні кеше өмірден озған актер Үсіпхан Сейтімбетке арнап желіде жазба жариялап, студенттік шақтағы естелігін баяндаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Диктор марқұмның жақсы адам әрі хас талант болғанын жазған.

«Қош, Үсіпхан! Курсымыздың ең жайдарлы, жүрегі ақ, пейілі кең ақеділ азаматы едің. Пластика, ритм, музыкалық қабілетің бәрі-бәрі бір өзіңнен табылған талант едің.. Ритмикадан емтихан тапсырғанымыз есіме түсіп отыр, Бос шыны бөтелкенің әрқайсына суды мөлшерлеп тұрып құйып, алюминий вилка - қасықпен ұра отырып, мен дирижерлік еткен “Смуглянка” әнін ансамбльмен тамаша  сүйемелдеп едің. Ударный аспаптарды ұрғылағанда тіпті жанатынсың. Неге асықтың?»,-деп жазған Қымбат Досжан қимас курстасының қазасына қабырғасы қайысып.   

Диктор өз жазбасында марқұмның ет-жақындары мен әріптестеріне көңіл айтқан.

«Қымбатты менің курстастарым, Профессорлар: Асқар Тоқпанов, Шолпан Жандарбекова, Асанәлі Әшімов, Тілектес Мейрамовтың Шәкірттері, баршаңызға қайғырып көңіл айтамын.  Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсрепов театрларының ұжымына, Үсіпханның жары, курстасым, театр актрисасы Гүлнар Сейтімбетоваға, ұл-қызына, туған жақындарына көңіл айтамын. Алла панасына алсын Үсіпхан бауырымды»,-деп жазған ол.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар