сенбі, 12 қазан, 2024 15:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"НеМолчи.kz" қорының басшысы Дина Таңсәріге іздеу салынды

"НеМолчи.kz" қорының басшысы Дина Таңсәріге іздеу салынды
ашық дереккөзі
"НеМолчи.kz" қорының басшысы Дина Таңсәріге іздеу салынды
"НеМолчи.kz" қорының басшысы Дина Таңсәріге іздеу салынды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Құқық қорғаушыны іздеу туралы ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында жарияланды. Іздестіру жұмыстарын Өскемен полиция басқармасы жүргізіп жатыр. Дина Таңсәрінің өзі Instagram-дағы парақшасында тергеушілер оны қамауға алуға санкция дайындап қойғанын хабарлады. "Біз санкция бойынша тергеу сотына дайындалып жатырмыз. Бірақ бізді әлі күнге дейін құжаттармен таныстырған жоқ - бізге әлі 170 құжатты ұсынбады", - деп жазды ол. Еске салайық, бұған дейін Дина Таңсәрі "алаяқтық жасады" деген күдікке ілінгені хабарланған болатын. Мұны Шығыс Қазақстан облыстық полиция деапартаментінің баспасөз қызметі растады. Ведомство қоғам белсендісіне қатысты басталған тергеу туралы ғана мәлімет беріп, істің мән-жайын жарияламады. Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/97820/
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар