Өнер – орын таңдамайды
Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі ҚАЖ Комитетінің «№ 58 мекеме» Республикалық мемлекеттік мекемесінде жазасын өтеуші азаматтардың да қолөнерден жетістіктері зор. Әр адамның бойында ашылмаған қабілеттері көп. Осы мекемедегі № 11 жасақ сотталғаны Қодасов Жандос Дүйсенбекұлы қармақты бізбен ілмелеп тоқу өнерімен айналысады.
Ер азаматтың бойындағы қолмен тоқу өнері өте сирек кездеседі. Шебердің қолынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар еңбекпен ұштасқан дүние. «Шебердің қолы ортақ» деген мақал ел ішінде бекер айтылмаса керек. Нағыз шеберлікке жету үшін табандылық, іскерлік, талғампаздық, білім қажет. Қолмен тоқу ерекше жабдықты, арнаулы орынды, белгілі мезгілді керек етпейтін әрі қарапайым, әрі тиімді өнер. Осы бағытты ұстана отырып ол өз шеберлігін басқа сотталған азаматтармен бөлісіп, үйретуде. Кез-келген қолдан шыққан дүниелер адамға пайдасымен қатар сотталғандардың бір-бірімен тіл табысу, уақытын тиімді өткізу, бір ұжымда бірлесіп жұмыс жасау, сонымен қатар олардың ойларын жақсы арнаға бұру, қол моторикасын дамыту және босаңсуға көмегі зор. Шебердің қолынан шыққан әртүрлі шұлықтар, тақиялар, бас киім, мойынорағыш, жемпір, кеудешелер көздің жауын алады. Бұл қол өнердің әсем де пайдалы туындылары, кез-келген еңбек етемін деген адамға рухани азық болатын, эстетикалық талғамын қанағаттандыратын сұлу да әдемі шабыт болып табылады.
Оның жазасын толық өтеп болған соң, күні ертең қалыпты қоғам қатарына қосылып, отбасына, балаларының жанына оралып, жарқын өмір сүреріне сенім мол.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала