Жаңалықтар

Өнеркәсіп қауіпсіздігіне қойылатын талаптар күшейтіледі

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қауіпті өндірісте еңбек ететін азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Кеңес барысында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев еңбек қауіпсіздігі саласындағы жаңа тәсілдер мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы аясында нысандарды цифрландыру ескеріле отырып, нормативтік-құқықтық актілер қайта қаралады. Өнеркәсіп қауіпсіздігіне қойылатын талаптар күшейтіліп, мемлекеттік еңбек инспекторларының кадрлық әлеуеті мен құқықтық мәртебесі арттырылмақ.

Сонымен қатар, азаматтық қорғау туралы заң жобасы аясында апаттық-құтқару қызметтеріне қойылатын талаптар қатаңдатылып, өндірістік бақылау жүйесі күшейтіледі. Сондай-ақ, қауіпті өндірістік нысандар иелеріне жабдықтарды жаңарту және жаңғырту бойынша қосымша міндеттемелер енгізу қарастырылған.