сенбі, 2 қараша, 2024 19:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Несиені жылдам жабудың 7 әдісі

Несиені жылдам жабудың 7 әдісі
ашық дереккөзі
Несиені жылдам жабудың 7 әдісі
  💰Несиені жылдам жабудың 7 әдісі ✅ 1. Шығынды есептеу Ең алдымен өзіңіздің кірісіңіз бен шығыныңызға сараптама жасау немесе ай сайынғы нәтижені жазып отыратын есеп кітапшасын арнау. Бұл қандай нәрседен үнем жасауға болатынын және үнемделген ақшаны пайдалы іске, яғни кредитті жабуға көмектесетінін түсінуге мүмкіндік береді. Бастысы — төлем кестесін жасап алып, сол кестеден кешікпей несиені төлеуге талпыну керек. Есте сақтаңыз! Ай сайынғы шығындарды қысқартамын деп өзіңізге қажетті дәрі-дәрмекті сатып алудан немесе жеке шоттарға ақша төлеуден бас тартуға болмайды. Ал шоппинг немесе ойын-сауыққа жұмсалған қаржы уақытша болса да сіздің несиеңіздің жабылуына кедергі келтіреді. 2. Бәрін кейінге шегеріп, үнемдеңіз Өзіңіздің шығын жоспарыңызға бір қарап, оны тағы 30%-ға азайтыңыз. Сырттан тамақтану немесе автоматтан кофе сатып алу сияқты түрлі ұсақ-түйектерден бас тартыңыз. Сонда қанша ақша үнемдегеніңізді өзіңіз де байқап, кейбір нәрселерді кейінге шегеріп, несиеге төленетін қаржыны артығымен шығарып аласыз. 3. Қосымша кіріс көздерін тауып алу Несиені жылдам жауып тастау үшін өзіңізді қосымша жұмыс істеуден аямаңыз. Өзіңіз жұмыс істейтін жерден ақша төленетін артық жұмыс уақытын сұрап көріңіз немесе кейін жай ғана кетіп қалатын қосымша іс істеңіз (жеке сабақтар беру, консультация өткізу, мәтіндер жазу, әлеуметтік желідегі жұмыстар т.б.). Тапқан табысыңызды тездетіп несиеңізді жабуға жұмсаңыз. Сондай-ақ, ескі қарыздарды да қайтаруды ұмытып кетпеңіз. 4. Айына 10% артық төлеу Көпшілігі белгіленген соманы уақытымен өтеп отырсам, үнемдеймін деп ойлайды. Бірақ шын мәнінде банк несиені төменгі пайызда есептеп, сіздің ұзақ уақыт бойы төлеуіңізді, ал кредит ұйымы сіз арқылы пайда табуын қамтамасыз етеді. Сондықтан несие бойынша төлемді 10%-ға арттыру керек. Ал егер бірнеше кредитіңіз болса басқаша амал әрекет жасауға тура келеді. Мысалы ипотека, автокөлік сатып алуға, пәтердің жөндеу жұмыстарына алынған несие. Мұндай жағдайда барлық кредиттің 10%-ын жабудан ешнәрсе ұтпайсыз, есесіне кішіден үлкенге қарай ұмтылсаңыз, жағдай біраз жеңілдейді. Алдымен несие бойынша төлем сомасын арттырып және оны бірнеше айға жаба тұрыңыз. Содан кейін мысалы автокөлік үшін алынған несиеге кететін қаражатты екінші бір несиені жабуға жұмсайсыз және оның үстіне 10%-ды қосамыз. Осылайша қарызды екі-үш есеге жылдам жабуға болады. 5. Алдымен пайызы жоғары несиені жабу Қазіргі уақытта басында бір емес бірнеше несиесі бар қазақстандықтар жоқ емес. Бірнеше несиені жылдам жабудың тағы бір жолы бар. Біріншіден, пайыздық мөлшерлемесі ең жоғары қарызды жауып тастау. Мұндай несиені жауып тастау артық төлем құнын төмендетеді, ал үнемделген ақшаны екінші бір қарызды жабуға жұмсаңыз. Бастысы екі жақты төлем жасаймын деп несие мерзімін өткізіп алудан аулақ болыңыз. Екіншіден, ең қымбат несиені жауып тастаған соң сомасы аз қарыздарды төлеуге кірісіңіз. Ал ипотека сияқты ұзақ мерзімді несиелермен соңында айналысыңыз. 6. Несиені қайта қаржыландыру Борышкерлер — банк үшін бағалы адамдар. Сондықтан олар басқа да қызмет түрлерін ұсынатыны белгілі. Солардың бірі кредитті қайта қаржыландыру. Бүл дегеніміз — алғашқы несиені жабу үшін жаңа несие рәсімдеу. Әрі мұндай несиенің пайыздық мөлшерлемесі төмен болады және артық төлем болмауы мүмкін. Алайда кішігірім несиені өтеу үшін ірі көлемде несие алудың қажеті жоқ. 7. Несиені толық жабу Несие бойынша төлем аяқталғаннан кейін, банктен ешқандай қарызыңыз жоқ екендігі туралы анықтама алыңыз. Кейде жай ғана тиын қалып қалған жағдайда оның үстіне пайызы, банктің комиссиясы қосылады. Осылайша сіз шығынға батып қалуыңыз мүмкін. Сондықтан мұндай олқылықтар болмас үшін, әрі келесі бір несие алғанда да қосымша қажетті құжат ретінде анықтама болғаны жөн.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар