Жаңалықтар

НОҒАЙБАЙ АУЫЛЫНДА ТЫНДЫРЫМДЫ ТІРЛІК КӨП

НОҒАЙБАЙ АУЫЛЫНДА ТЫНДЫРЫМДЫ ТІРЛІК КӨП

Жамбыл облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қордай ауданы, Ноғайбай ауылдық округінің   әкімі Ешмұрат Ер-Серік Аманбекұлы БАҚөкілдерімен баспасөз конференциясын өткізді.  Брифинг барысында ауыл әкімі округтің соңғы 10 айдағы  әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндады. Ноғайбай ауылдық округінде 2023 жылғы 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндады. Жалпы ауылдық округітң  инвестиция тарту көлемі

– 204 785,0 мың теңгені құрап отыр. Оның ішінде: ауылшаруашылық техникасын сатып алу 69 650,0 мың. тг, мал қорасын салу 135 000,0 мың теңге.   Егін және мал шаруашылығымен айналысатын шаруақожалықтардың саны 82. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер саны – 2. 88 жеке кәсіпкер әртүрлі сала бойынша жұмыс жасайды. Шаруа қожалықтарының барлық жер көлемі – 37901,2 га, оның ішінде жайылым- 29834,0 га, егістік жерлері- 7696,4 га, суармалы-777 га.   Ал, күзгі дала жұмыстарына келер болсақ, округ бойынша шаруа қожалықтарда барлығы 7676 га жерге егістік егілді. Оның ішінде: 2023 жылы күздік бидай – 2652 га, арпа – 1314 га, жүгері – 40 га, сафлор 20 га,  көп жылдық шөп 500 га егілді.