жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 4:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

НОҒАЙБАЙ АУЫЛЫНЫҢ БІРНЕШЕ ОТБАСЫ АСАР ЖОБАСЫМЕН ҮЙЛІ БОЛДЫ

НОҒАЙБАЙ АУЫЛЫНЫҢ БІРНЕШЕ ОТБАСЫ АСАР ЖОБАСЫМЕН ҮЙЛІ БОЛДЫ
ашық дереккөзі
НОҒАЙБАЙ АУЫЛЫНЫҢ БІРНЕШЕ ОТБАСЫ АСАР ЖОБАСЫМЕН ҮЙЛІ БОЛДЫ
     2023 жылы бірнеше жылдан бері жалдамалы пәтерде тұрып жатқан Ноғайбай ауылының тұрғыны Т.Байбутаровтар әулетіне  4 бөлмелі үйге күрделі жөндеу жұмысы жасалынып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар көп балалы (К.Конарбаева, Б.Дуйсебаева) екі отбасы қайырымдылық қорлардың көмегімен  баспаналы болды. Екі отбасына да ауылдан 8,0 млн теңге көлемінде  үй сатып алынып берілді. Бұл туралы аталған округ әкімі Ер-Серік Аманбекұлы Жамбыл өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында берген брифингінде айтты.  
 «Жомарт  түлек» жобасы аясында Ноғайбай ауылының жастары және ауылдан шыққан  жомарт түлектер Ноғайбай ауылы «Дүйсенбі-халфи» мешітіне 800,0 мың теңгеге  жылы еден жасады. Сарыбастау ауылында  500 мың теңгеге жоспарланған кішігірім бассейн қолдануға берілді-деп тоқталды ауыл әкімі.
Сондай-ақ, округте мемлекеттік және ұлттық мерекелер қарсаңында ауыл тұрғындарының қатысуымен мәдени-спорттық шаралар өткізумен қатар, түрлі санаттағы тұрғындарға қайырымдылық көмек көрсету дәстүрге айналған.  Жалпы округте жыл басынан бүгінгі күнге дейін демеушілер тарапынан 313 адамға 4 966,3 мың теңгеге қайырымдылық көмектер көрсетілді. Ал, аймақтың қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жұмыстарына тоқталған Ер-Серік мырза, округте 2023 жылы 5 қылмыс тіркелгенін (ұрлық), ал өткен жылы 9 қылмыс тіркелгенін, осылайша қылмыстың 55 пайызға айзайғанын жеткізді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар