дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 17:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Жараспадық": Әнші Али Оқапов актриса Аружан Жазылбековамен неге жараспағанын айтты

"Жараспадық": Әнші Али Оқапов актриса Аружан Жазылбековамен неге жараспағанын айтты
Сурет ашық дерекөзден алынды
Бейнебаянда әншінің бойы әріптесінен қысқа болып қалған

Әнші Әли Оқапов 12 жыл бұрын актриса Аружан Жазылбековамен шығармашылық байланыста болған, деп жазады Jambylinfo. kz. 

Әли Оқапов желідегі парақшасына өткен жылдарға шегініс жасап, оқырмандарына қызықты естелігін баяндаған. 

"Актриса іздегенде YouTube-қа жай ғана «Актрисы Казахстана» деп тердік. Сол кезде бүкіл жас актрисалар түскен бір бағдарлама шықты. Бағдарламаны көріп біткенде менен «кімге хабарласамыз?» деп сұрады. Мен «Жүргізушіге» дедім, сол бағдарламаны Аружан Жазылбекова жүргізді. Ақыры бейнебаянның бас кейіпкері болды», – деп жазды әнші актрисамен бірге түскен суретін қойып. 

Әнші  бейнебаян түсіру барысында екеуінің бойы сәйкес келмей, өзін кішкентай сезінгенін жазған. 

 «Қызық факт: Біз кадрда бірге тұрғанда, Аружан биік өкшелі аяқкиімін шешуге мәжбүр болды. Өйткені табиғи бойымыз бірдей, ал ол биік өкшелі аяқкиім киіп тұрғанда мен қортық боп қалатынмын қасында. 12 жыл өтіп, осы әнді қайта өңдеп, дауысын жазып, жаңа нұсқасын ұсынып отырмын», – деді әнші.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар