дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 4:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әнші Бағлан Әбдірайымов әйелдерге ренішін білдірді

Әнші Бағлан Әбдірайымов әйелдерге ренішін білдірді
Фото - ашық дереккөз
Оның айтуынша, қазіргі уақытта отбасындағы көп мәселені әйелдер шешеді

«Жігіттер» квартетінің мүшесі,  Бағлан Әбдірайымов желіде жаңа видео жариялап, әйелдер қауымына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Өнер иесі бұл туралы желідегі парақшасында айтқан.  


  «Қазір барлығын әйелдер шешеді. Кинотеатрға барып, қандай кино көру керек екенін әйел шешеді екен ғой. Мысалы, менің досым бала-шағасын алып, біз түсірген киноға барған ғой. Тура киноға кірейін деп тұрған кезде әйелі "Біз өзі анда-санда демалысқа шығамыз, қарыз бен құмар ойын туралы фильм көргенше күліп демалып қайтайық" деп айтыпты. Досым сол келіншегінің сөзіне еріп, басқа киноны көріп шыққан ғой. Кейін менен кешірім сұрап, киноны көре алмағанын айтты. Шындығында қазір бәрін әйелдер шешеді. Саудада кілең қыз-келіншектер, медиа саласындағы үлкен жобаларды да әйелдер басқарып отыр. Жаңа жылдық түсірілім болсын, мемлекеттік концерттерді де әйелдер ұйымдастырып жүр. Өкінішке орай сондай жобаларды тізгіндеп жүрген жігіттер санаулы ғана»,- деді ол.
Әншінің бұл пікіріне әлеуметтік желі қолданушылары да пікір білдіріп, кейбірі өнер иесінің бұл ойымен келіспейтіндіктерін жазған.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар