дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 10:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Нью-Йоркте маймыл шешегіне қарсы жаппай вакциналау пункттері ашылды

Нью-Йоркте маймыл шешегіне қарсы жаппай вакциналау пункттері ашылды
ашық дереккөзі
Нью-Йоркте маймыл шешегіне қарсы жаппай вакциналау пункттері ашылды
Нью-Йоркте өршіп бара жатқан маймыл шешегімен күресу үшін үш жаппай вакциналау пункті ашылды, деп хабарлайды Жамбыл инфо, Breitbart News басылымына сілтеме жасап. Нью-Йорктегі денсаулық сақтау комиссары Эшвин Васан қала 500-ге жуық адам жұқтырған осы вирустың таралуымен күресіп жатқанын айтты. Маймыл шешегіне қарсы жаппай вакциналайтын үш пункт ашылды, оларға тек алдын-ала жазылып қана баруға болады. Олар Квинс авиациялық орта мектебінде (бұрын Манхэттен авиациялық мамандықтар мектебі деп аталды), Бруклиндегі Бушвик орта мектебінде және Бронкстегі ғылымды тереңдетіп оқытатын орта мектепте орналасқан. Жұма күні қалалық онлайн-порталда 9 мыңнан астам вакцина қолжетімді болды, бірақ олар бірнеше минут ішінде толығымен брондалды. Денсаулық сақтау министрлігі осы аптада федералды үкіметтен 4 мыңға жуық қосымша вакцина дозасы келеді деп хабарлады.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар