Жаңалықтар

Қоғамдық көлікке соқтығысқан Анель Сартаева тергеу уақытында үй қамақта болмақ

26-шы маусым күні Алматы қаласы Мақатаев көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысында автобус апатына күдікті деп танылған жеңіл көлік жүргізушісі, 4 айлық баласы бар Анель Сартаева тергеу уақытында үй қамағында болмақ, деп хабарлайды деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

– Апелляция өтті. Қалалық сот жеке шағымды объективті және жан-жақты қарады. Бұрын таңдалған қамауда ұстау түріндегі шара жойылды. Жеке шағым толығымен қанағаттандырылды. Ол тергеу кезеңінде үй қамауында болады және баласына қамқорлық жасай алады, - деп хабарлады Анельдің  адвокаты Қанат Альсейіт жеке парақшасында. 
Еске сала кетер болсақ, қоғамдық көлікке  Kia кроссовері келіп соқтығысып, нәтижесінде бір адам қаза тауып, 16 жолаушы зардап шеккен еді.