Жаңалықтар
Қоғамдық орында балағат сөз айтқандар 69 000 теңге айыппұл төлейді
- авторjambylinfo.kz
- 9 қаңтар, 2023
- 456
Қоғамдық орында балағат сөз айтқандар 69 000 теңге айыппұл төлейді
Әкімшілік құқықбұзушылық кодексте ұсақ бұзақылық үшін айыппұлдың көлемі артты және қамауға алу мерзімі ұзартылды.
Ұсақ бұзақылыққа қоғамдық жерде балағат сөз айту, жеке тұлғаларға жармасу, ғимараттарды және басқа да құрылыс нысандарын, қоғамдық орындарды, тұрғын үйлерді, көліктегі мүлікті қорлау және тағы басқа қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттер жатады.
Ол үшін айыппұл көлемі 69 000 теңге, ал қамауға алу мерзімі 5 тәуліктен 30 тәулікке дейін болады.
Осы өзгерістер наурыз айынан бастап күшіне енеді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз