дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 18:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қоғамның өркендеуі мен әл-ауқатын жақсартуға бағытталған құжат

Қоғамның өркендеуі мен әл-ауқатын жақсартуға бағытталған құжат
ашық дереккөзі
Қоғамның өркендеуі мен әл-ауқатын жақсартуға бағытталған құжат
Бүгін «Арайстроймаркет-2003» бастауыш партия ұйымында Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның жаңа экономикалық бағдары» атты Жолдауын түсіндіру бойынша жиналыс өтті. Шараға «AMANAT» партиясы облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Ермұхамед Жұмабек, Нарғозы Данаев атындағы орта мектептің директоры Жанна Оңғарбаева және білім саласы қызметкерлері, облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.  width= Расында, Жолдау еліміздегі қазіргі жағдайды терең талдай отырып жасалғаны анық. Өйткені ел өмірінің көп саласына қатысты тыңғылықты тұжырымдар айтылды. Президент әлеуметтік саланы қолдау, экономиканы ілгерілету турасында маңызды бетбұрыстар жасауға шақырды. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасын ары қарай да жандандыру туралы нақты тапсырмалар жүктеді. Айта кетерлігі, аталған жоба аясында өңірде жоспарланған қаражаттың 11,5 млрд. теңгесі аударылып несиелерді мақұлдау және есеп шоттарға аудару процесі жүруде. Қазіргі таңда 1051 жоба мақұлданып, 5 млрд. 954 млн. теңге өтінім берген тұрығындарға аударылды.  width= Жолдауда партияның тағы бір нәтижелі жобаларының бірі «Қарызсыз қоғам» жобасына да баса назар аударылды. Мемлекет басшысы Үкіметке партиямен бірлесіп, оның ауқымын кеңейтуді тапсырды. Аталмыш бастама біздің аймақтағы аяқ алысы ауыз толтырып айтарлықтай. Мамыр айынан бүгінгі күнге дейін облыстың 100-ге жуық ауылында 7 мыңнан аса азамат оқуға тартылды. Енді бұл жоба Тараз қаласында жалғасын табатын болады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар