дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 10:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Оңай олжаға кенелгісі келген

Оңай олжаға кенелгісі келген
ашық дереккөзі
Оңай олжаға кенелгісі келген
  Тараздық полицейлер жеңіл көліктен ақша ұрлап, оңай олжаға кенелгісі келген күдіктіні қолға түсірді. Қалалық полициясы басқармасына облыс орталығында тұратын 42 жастағы әйел адам хабарласып, базардың автотұрағына қойып кеткен көлігінен ақша салынған әмиянды ұрлағаны жөнінде шағымданған. Ол өз сөзінде көліктің артқы орындығында 8 жастағы қызы отырғандықтан, есігін құлыптамағанын жеткізген. Ал әмиянда 200 АҚШ доллары және 10 мың сом қаражат болған. 8 жасар бүлдіршіннің айтуынша, көзілдірік пен медициналық бетперде киген адам есікті ашып, көліктің алдыңғы орындығында жатқан әмиянды ұрлап әкеткен. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні анықтап, құрықтады. Ол осыдан бір ай бұрын бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 41 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 191-бабының 3-бөлігімен (тонау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар