Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов шықты
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов шықты
Төтенше жағдайлар министрлігі Костенко атындағы шахтадағы апатты жою және кеншілерді іздеу бойынша іс-шаралар жоспарын белгіледі. Ведомствоның хабарлауынша, Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов төтенше жағдайларды жою штабын басқару үшін оқиға орнына барды. Аварияны жою жоспары енгізілді. Қосымша тау-кен құтқарушыларының күштері енгізілуде. Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің 50 адамы және 8 бірлік техникасы тартылды. Сондай-ақ, оқиға орнында ТЖМ бөлімшелерінің 22 қызметкері жұмылдырылған.