дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 18:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Оңтүстік Кореяға заңсыз барған Қазақстан азаматы іздестіріліп жатыр

Оңтүстік Кореяға заңсыз барған Қазақстан азаматы іздестіріліп жатыр
ашық дереккөзі
Оңтүстік Кореяға заңсыз барған Қазақстан азаматы іздестіріліп жатыр
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті. «Корея Республикасына кіруге рұқсат берілмеген Қазақстанның екі азаматы Инчхон халықаралық әуежайынан заңсыз қашып кетті. Кейінірек олардың бірін жергілікті полиция ұстады, ал екінші отандасымыз іздеуде. Аталған азаматтар Оңтүстік Кореяға 24 наурызда Ташкент қаласынан «Koreana» әуе компаниясының рейсімен келіп, депортациялық рейсті күтіп отырған. Содан кейін әуежайдан рұқсатсыз шығып кетіп қалған», – деді Айбек Смадияров. Ресми өкіл бұл жағдайдың Оңтүстік Кореяда қоғамдық резонанс тудырғанын, мұның болашақта Қазақстан азаматтарының Корея Республикасына кіру тәртібін қатаңдатуға итермелеуі мүмкін екенін алға тартады.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар