бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 12:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге баратын қазақстандықтарды алдын ала дайындайды

Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге баратын қазақстандықтарды алдын ала дайындайды
ашық дереккөзі
Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге баратын қазақстандықтарды алдын ала дайындайды
Бұдан былай Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге баратын қазақстандықтар алдын ала дайындықтан өтеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов мәлім етті, деп хабарлайды Жамбылинфо nur.kz сайтына сілтеме жасап. Агенттіктің жазуынша, бұдан былай Оңтүстік Кореяға еңбек ету және біліктілігін арттыруға баратын отандастарымызға аталған елдің заңдылықтары мен тәртібі үйретілетін болды. "Оңтүстік Кореяға еңбек етуге баратын қазақстандықтарды алдын ала дайындаймыз. Біріншіден тіл мәселесі. Одан әрі ол елдің заңдылықтары мен тәртібі және өзін-өзі ұстау, жүру-тұру жағын үйретеміз. Осылайша отандастарымыз Оңтүстік Кореяда еңбек етіп немесе біліктілігін көтере алады. Жуырда Үкімет басшысының бірінші орынбасары Р.Скляр бастаған делегация кореялық компаниялар мен зауыттарды елімізде ашу мәселесін талқылап, шешім қабылданды", – дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар