Оңтүстік Кореяда Қазақстан кәсіпкерлерінің алғашқы қауымдастығы пайда болды
Оңтүстік Кореяда Қазақстан кәсіпкерлерінің алғашқы қауымдастығы пайда болды
Qazaq union бизнес клубына отандастарымыз басқаратын ірі корей компаниялары кірді, деп жазады Жамбыл инфо inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Одақтың президенті – Жанәділ Талдыбаев. Ол Кореяға 2015 жылы барған. Сеулде оқып жүргенінде медициналық туризм платформасын құрған. Кәсіпкердің екінші жобасы балаларға компьютерлік бағдарламалауды үйретуге арналған мобильді қосымша. Оны қазірдің өзінде бірнеше корей және 100-ден астам қазақ мектебі пайдаланады. Қазір бұл бизнес 10 миллион долларға бағаланды. Бизнес-клуб мүшелері өз жобаларын әзірлеуде бір-біріне көмектесіп, танымал қазақстандық кәсіпкерлердің тренингтеріне қатыса алады. Сонымен қатар, корей тілін тегін үйренеді.