Жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда қазақстандықтарды жұмыстан шығарып жатқаны айтылды

Оңтүстік Кореяда қазақстандықтарды жұмыстан шығарып жатқаны айтылды

Қазақстандықтар Оңтүстік Кореядағы зауыттардан оларды жаппай жұмыстан шығарып жатқанын хабарлады, - деп хабарлайды Жамбылинфо . Мұндай ақпарат Instagram әлеуметтік желісіндегі @korea_komek парақшасында пайда болды. Жұртшылықтың айтуынша, Инчхон әуежайынан қашпақ болған екі қазақстандықтың оқиғасынан кейін небәрі екі күннің ішінде 23 отандасымыз Қазақстан азаматтығына байланысты жұмыстан шығарылған.

Тағы бір жазбада Оңтүстік Кореяның провинцияларының бірінде бір зауытта жұмыс істеген 38 қазақстандық қамауға алынды делінген. Айта кетейік, бұл мәлімдемелер бойынша Корея мен Қазақстан билігінен әзірге ресми ақпарат жоқ. Дереккөз: https://kaz.tengritravel.kz/around-the-world/ontustk-koreyada-kazakstandyiktardyi-jumyistan-shyigaryip-349453/