Жаңалықтар

Оңтүстік Кореядағы орман өрті: 4 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды

The final spritzer

Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Төтенше жағдайлармен күрес басқармасы мәлімдеді

Оңтүстік Кореяда  орманда өрт шығып  4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Оңтүстік Кореяның Төтенше жағдайлармен күрес басқармасының мәліметінше, қатты желдің салдарынан өршіген орман өрті кемінде 4 адамның өмірін қиды, тағы 6 адам жарақат алды. Сонымен қатар, шамамен 1 500 тұрғын эвакуацияланды.

Тілсіз жау жұма күні Сеулден оңтүстік-шығысқа қарай 250 шақырым жерде орналасқан Санчхон округінде басталып, өзге аймақтарға тарады.