Жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Бортта барлығы 175 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған

Оңтүстік Кореяның Чолла-Намдо провинциясында орналасқан Муан әуежайында ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Yonhap агенттігінің хабарлауынша, Jeju Air әуе компаниясының Boeing 737-800 жолаушылар ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, қоршауға соғылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, апат құстар соғылған шассидегі ақау салдарынан болған.

Бастапқыда 47, артынша 62 адамның тірі қалғаны туралы ақпарат тараған. Алайда соңғы деректерге сәйкес, тек 2 адамның аман қалғаны белгілі болды. 

Апат таңғы сағат 9:07-де орын алды. Ұшақ ұшу-қону жолағынан сырғып шығып, қоршауға соқтығысып, артынан өрт шыққан.