Жаңалықтар

Оңтүстік Кореяны шулатып, әуежайдан қашып кеткен екі қазақстандық жігіт бостандыққа шығады

Оңтүстік Кореяны шулатып, әуежайдан қашып кеткен екі қазақстандық жігіт бостандыққа шығады

Оңтүстік Кореяда екі қазақ жігітінің соты болды. Сот үкіміне сәйкес екеуіне айыппұл тағайындалған. Естеріңізде болса 25 наурыз күні екі отандасымыз Инчхон әуежайындағы биіктігі 3.6 мет қоршаудан асып, қашып кеткен болатын. Кейін олардың бірі Тэджона қаласында ұсталды. Екіншісі 3 күннен кейін өз еркімен полицияға келген еді. Екеуі де өз істерін мойындап, туған жерінде отбасын асырау үшін жұмысқа ұшып келгендерін айтқан. Оңтүстік Корея полициясы оларды шекараны заңсыз кесіп өтіп, қашып кетті деп айыптады. Екеуі де өз кінәсін толық мойындап, 3 ай қамауда болды. Отандастарымыз жақын уақытта елге қайтарылады. Дереккөз: Даулеттен телеграм парақшасынан