Жаңалықтар

Оңтүстікте алдағы 3 күнде ауа температурасы 12 градусқа дейін көтеріледі

Оңтүстікте алдағы 3 күнде ауа температурасы 12 градусқа дейін көтеріледі

«Қазгидромет» РМК 31 қаңтар-2 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариядады. Синоптиктердің мәліметінше, республиканың солтүстік жартысы әлі де жоғары атмосфералық қысым ықпалында болады, осыған байланысты аязды, көбінесе жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. «Еліміздің оңтүстік жартысының ауа-райын оңтүстік циклон анықтайды, онымен жауын-шашын, 2 ақпанда қатты жауын-шашын (жаңбыр түрінде) және ауа температурасының 5-12 градусқа дейін жоғарылауы күтіледі», - делінген хабарламада.