Жаңалықтар

Оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 31 мамырда аяқталады – вице-министр

Оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 31 мамырда аяқталады – вице-министр

Бұл туралы Оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Шолпан Каринова Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Вице-министрдің айтуынша, оқу жылындағы демалыс күндері келесідей болады: – 1–11 сыныптарда: күзгі – 7 күн (2022 жылғы 31 қазаннан 6 қарашаға дейін), қысқы – 9 күн (2022 жылғы 31 желтоқсаннан 2023 жылғы 8 қаңтарға дейін), көктемгі – 9 күн (2023 жылғы 18 наурыздан 26 наурызға дейін); – 1 сыныптарда қосымша демалыс – 7 күн (2023 жылғы 6 ақпаннан 12 ақпанға дейін).